Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін

Қаулыға тиісті өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін

Қазақстанда бірнеше кредиті бар азаматтарға да автонесие беру жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізбек. Құжат қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Бұл бастама отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту және жеңілдетілген автонесие аясында көлік сатуды қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа автокөлік сатып аларда қарыз алушыныың борыш жүктемесі коэффициентін есептеуге қойылатын талаптар өзгертіледі. Осылайша бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін.

Банк автонесиені мақұлдаған соң, көлік кепілге қойылады. Егер қарыз алушы кредитін өтемесе, банк автомобильді сату арқылы берешекті жабады.

Автокөліктің нарықтағы орташа құны тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде анықталады.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 15 мамырға дейін талқыланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.