Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кеткені жайлы айтылды

Ол 2021 жылдың қаңтарында Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кеткені туралы айтылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов хабарлады.

Azattyq Rýhy тілшісі ақпараттың анық-қанығын білу үшін шенеуніктің өзіне және Мәдениет және спорт вице-министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Бірақ телефонға ешкім жауап бермей жатыр. 

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі. 

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары — ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі (облыс орталығы).

2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі (мегаполис).

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.