13.07.2021, 12:52
Оқиғалар
Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, 6 адам қайтыс болды
Кішкентай екі бала із-түссіз жоғалған
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Аксый ауданында сел жүріп, 8 адамды шайып кетті деп хабарлайды 24.kg. Олардың алтауының мәйіті табылса, екі бала әлі іздестіріліп жатыр.
«Таштак селосында кішкентай баланы тасқын су алып кеткен. Барлығы сегіз адам суға кетті, олардың алтауының мәйіті табылды, екеуін іздестіріп жатырмыз. Бүгін іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің тағы 20 құтқарушысы қосылды. Оларға жергілікті тұрғындар, милиция қызметкерлері көмектесіп жатыр», - деді Қырғызстанның ТЖМ өкілі.
Оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жоборсту селосында тасқын су көпірді бұзып, жолдарды шайып кеткен. Сағат 20:30-да Мал-Калды жайлауына баратын жалғыз жол да су астында қалған.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
11.01.2026, 18:19
Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
11.01.2026, 11:43
Атырауда жоғалған отбасы: құзырлы органдар күдіктінің үйін тінтіп жатыр
11.01.2026, 06:34
Парамен ұсталған экс-әкімге «Құрметті азамат» атағы берілді
11.01.2026, 12:51
Қазақстанда рақымшылық аяқталды: қанша адам бостандыққа шықты
11.01.2026, 14:58
12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады
11.01.2026, 17:29
Кентаудағы дәмхана жарылысы: зардап шеккен екінші адам қайтыс болды