ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ

ТАСС

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында атыс болды деп хабарлайды 24.kg. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті болған жайтқа байланысты мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Баткен ауданындағы Кум-Мазар елдімекеніне жақын маңда болған. Тәжікстан азаматтары қырғыз тарапының келісімін алмай, өз беттерінше аумақты құмнан тазарту жұмыстарын жүргізген. Оларды көрген тұрғындар мен шекарашылар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары оқиға орнына келіп, жұмысты тоқтатуды талап еткен. Тәжіктер бұл талапты орындамапты. Мұның арты төбелеске ұласып, бірінші болып Тәжікстан шекарашылары оқ атқан көрінеді. Артынша қырғыздар жауап қайтарған.

Атыс салдарынан Қырғызстан тарапынан зардап шеккендер жоқ. Тәжікстан билігі бұл жайтқа байланысты әлі ақпарат бермеді.

Қазіргі таңда шекарада екі елдің шекарашылары кездесіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақталды.