05.08.2021, 08:58
Оқиғалар
Түркияда электр станциясы өртеніп жатыр
Елдің оңтүстік-батысында ормандағы от ырық бермей тұр
Фотог: ашық дереккөзден
Түркияда көмірден электр энергиясын өндіретін станция өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Полиция жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Экологтар зауыттағы өрттің кесірінен қоршаған орта ластанады деп дабыл қағып әлек. Сондай-ақ мамандар мен оппозициялық депутаттар орман ағаштары жойылған соң табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады деп алаңдайды. От пен түтінге оранған аймақтың көрінісі НАСА агенттігі түсірген ғарыштағы суреттен де көрініп тұр.
«8 күннен бері бізде тыным жоқ. Өрт электр станциясына да жетті. Жағдайды бақылауға аламыз деп сенемін», - деді Түркия президенті Тайып Режеп Ердоған.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды