ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Жалған құжатпен субсидия алғандар ұсталды

Қылмыскерлер «Сыбаға» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты ұрлаған

 

Павлодарда 216 млн теңге мемлекеттік субсидияны жымқырған азаматтар анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап .

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, белгілі бір топ «Сыбаға» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты ұрлаған. Олар арнайы схемамен жұмыс істеген. Мәселен, Павлодар тұрғыны Ресейде ірі қара мал сатып алып, құжаттарда оларды «Герефорд», «Симментал» деген асыл тұқымдар ретінде көрсеткен.

Субсидия алуға арналған өтінімдерде ірі қара мал туралы жалған мәліметтер жазып, келісімшарттарды қолдан жасаған. Кейін 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін Павлодар қаласының тұрғыны басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға жәрдемдескен.

Бүгінде топ ұйымдастырушысы мен қатысушылары түрлі мерзімге сотталды.