ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Бразилияда болған ұшақ апатынан бір отбасы мүшелері түгел ажал құшты

Ұшақ бортында болған жеті адамның бәрі көз жұмды

Бразилияда екі моторлы ұшақ құлап, артынан жарылған. Апат салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды The News 24

Оқиға сейсенбі таңертең Сан Паулу штатындағы Пирасикабе қаласында болды. Ұшақ орман алқабына құлап, артынан өрт шыққан.  

Ұшақта екі ұшқыш пен бес жолаушы – бір отбасының мүшелері болған. Бәрі оқиға орнында қаза тапты.