Ақтауда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды

Екі жеңіл автокөлік пен инкассатор көлігі соқтығысқан

Видеодан кадр

Ақтау қаласының маңында үш көлік соқтығысып, соның салдарынан адам өлімі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 13 қазан күні кешкі уақытта Маңғыстау станциясына бара жатқан жолда болған.

Куәгерлердің айтуынша, Мұнайлы ауданындағы «Адай автобазасының» маңында Chevrolet Cobalt, Daewoo Nexia және инкассатор көлігі соқтығысқан.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Жол апаты салдарынан жарақат алғандар мен апаттан қаза тапқандар туралы хабарланды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.