16.10.2021, 11:17
Оқиғалар
Мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етті
Олар өз талаптарын видеоүндеу арқылы жеткізді
Фото ашық дереккөзден
Маңғыстауда "Buzachi Operating Ltd" мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап еткен видеоүндеу жариялады. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.
«Бүгінгі таңда мұнай бағасы барреліне 82 АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда компанияның да табысы артқанын білдіреді. Осыған байланысты біз басшылыққа жалақымызды арттыру мәселесін қарастыруын және 2015 жылы мұнай бағасының құлдырауына байланысты тоқтатылған ынталандырушы төлемдерді қайтаруды өтіндік. Бірақ біздің өтінішімізге ешкім құлақ аспады», – дейді компания қызметкерлері.
Компания басшылығы қызметкерлерді келісімге келуге шақырып отыр. Кездесу 18 қазанға жоспарланған.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген