03.12.2021, 09:29
Оқиғалар
Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті: бір адам қаза болды
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист және анықтаушы жұмыс істеп жатыр
Фото: zakon.kz
Алматы қаласында Төле би мен Қабдолов көшелерінің аралығында жатқан Өтеген батыр көшесінде жас жұпты көлік қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жас жұп жүргіншілер өтетін жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша Lexus LX 570 жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықта жүйткіп бара жатқан.

Алған соққының салдарынан жас жігіт 30-40 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Жәдел жәрдем келгенше 2000 жылы туған жас жігіт тіл тартпай кетті. Ал оның сүйіктісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист және анықтаушы жұмыс істеп жатыр.
Жүргізуші ұсталды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты