05.05.2022, 12:54
Оқиғалар
Қызылордада бес жасар бала канал суына құлап көз жұмды
Қайғылы оқиға 4 мамыр сағат 22.15 шамасында болған
Фото: khersondaily.com
Қызылорда облысында 5 жасар сәби абайсызда каналға құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамыр сағат 22.15 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде болған.
«Ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылғы сәби «Ақарық» каналына абайсызда құлап кеткен. Бұлдіршін оқиға орнында көз жұмды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Баланың денесі судан жергілікті тұрғындардың және ТЖД өкілінің күшімен шығарылды. Каналдың ені – 3, тереңдігі – 1 метр.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді