23.06.2022, 08:17
Оқиғалар
БҚО-да көл бетінен 9 жасар бала мен оның атасы іздестіріліп жатыр
Үрлемелі матраста отырған жеткіншекті жел жағалаудан алысқа алып кеткен
Фото: wildticketasia.com
Батыс Қазақстан облысында көлден 9 жасар бала мен оның атасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 маусым күн сағат 16.45-те Теректі ауданы Сары өмір ауылы Шалқар көлінде бала жоғалып кеткен.
«Үрлемелі матрасқа ата-анасының қарауынсыз отырған 2013 жылғы баланы жел көл жағалауынан алысқа алып кеткен. Баланы құтқару мақсатында оның атасы, 1957 жылғы азамат артынан көмекке ұмтылады», - делінген хабарламада.
Бірақ екеуі де сол күйі жағалауға оралмаған.
Көл бетінде жоғалып кеткендерді іздеуге ЖҚЖ, «ҚазАвиаСпас» АҚ (ЕС 145 UP-ECO15) тікұшағы шықты.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды