24.06.2022, 16:42
Оқиғалар
Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан бойжеткен құтқарылды
Бойжеткеннің бетон плитадан өзенге неліктен секіргені белгісіз
Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан бойжеткен құтқарылды, деп хабарлады Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусымда Ертіс өзені бойынша кемежай ауданында (Шоқан Уәлиханов пирсі) патрульдеу жүргізу кезінде Семей қаласының құтқарушылары батып бара жатқан қызды тауып, оған көмек көрсетті. Қайықпен ақырын жүзіп, бойжеткенді бортқа көтеріп, жағаға жеткізді. Содан кейін бойжеткенге медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиға орнына келген туыстарының айтуынша, олардың 1999 жылы туған қызы Ертіс өзеніндегі бетон плиталарынан секіріп, жаңа көпірге өз бетінше бет алғандығы анықталды. Қыздың бұл әрекетінің себебі белгісіз.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
23.10.2025, 11:05
Ақтөбе облысындағы қорқынышты жол апатынан 12 адам тіл тартпай кетті – он адам бір ауылдан шыққан (ВИДЕО)
23.10.2025, 08:25
Астананың терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады
23.10.2025, 17:07
«Әкесі мен баласы, анасы мен ұлы бар»: Ақтөбедегі ірі жол апатынан қаза болғандар кімдер
23.10.2025, 20:41
Алмат Сақатов «Бауыржан шоу» тарағаннан кейін «қораға кірген» актерлердің атын атады
23.10.2025, 22:01
Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тың деректер шықты