02.08.2022, 11:23
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда әйел адам әкімдікке қарама-қарсы ғимараттан секірмек болды (ВИДЕО)
Оның бұндай қадамға неге барғаны әзірге белгісіз
2022 жылдың 1 тамызында Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға болды. Телеграм арналары хабарлағандай, қала әкімдігіне қарама-қарсы ғимарат үстіне шыққан әйел секіремін деп қорқытқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны немесе әлдекімдерге қандай да бір талап қойған-қоймағаны әзірге белгісіз.
Оқиғаның болғанын қалалық полиция департаменті растады.
“1 тамыз күні сағат 15:02-де “102” пультіне қоңырау түсіп, Бейбітшілік көшесінің бойындағы ғимараттың шатырында бір әйел секіргелі тұр деген ақпарат айтылды. Оқиға орнына құтқару қызметі жөнелтілді. Олар әйелді шатырдан түсіріп алған. Азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді”-деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.
Қазір тексеру жүріп жатыр.
Көп оқылған
25.04.2026, 10:32
Түркістан облысында жол апатынан үш бала қаза тапты
25.04.2026, 16:07
Ақтөбеде бейтаныс әйел кішкентай қызды ұрлап әкетпек болған
25.04.2026, 07:40
20 мыңдық жаңа келбет: теңге қатары толық жаңаруға жақын
25.04.2026, 08:26
Инфляцияның беті қайтты: Ұлттық банк баяулау үрдісін растады
25.04.2026, 22:18
Марқұм Мұрат Бисембиннің қызы тұрмысқа шықты