11.08.2022, 10:11
Оқиғалар
Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам екі айға қамауға алынды
Бастапқыда күдікті сот шешімі бойынша 15 тәулікке ғана қамауға алынған еді
Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақ сұққан күдікті екі айға қамалды,деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
"10 тамызда Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, өткен аптада ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйелін пышақтап өлтірмек болған. Бастапқыда сот шешімі бойынша оның небәрі 15 тәулікке қамауға алынғаны жұртшылықтың наразылығын тудырған.
Көп оқылған
30.07.2026, 12:13
Әйелін бауыздап өлтіріп, мәйітін ауладағы дәретханаға тастай салған: Қостанай тұрғыны небәрі 11,5 жылға сотталды
30.07.2026, 13:16
Павлодарда үш ай бұрын жоғалып кеткен ер адам басқа облыстан далалы жерден табылды
30.07.2026, 12:45
«Күйеуім өлім аузынан қалды»: Астана тұрғыны жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шағымданды
30.07.2026, 11:34
TikTok-та тікелей эфирде боқтап, анаша шеккен әйел адам темір торға қамалды (ВИДЕО)