26.09.2022, 09:33
Оқиғалар
Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап мерт болды
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр
Павлодар қаласында 15 жастағы жасөспірім терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ден 19:00-ге дейінгі уақыт аралығында болған.
«Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала 14-қабаттан құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті», - деді департаментте.
Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды