Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнында 22 жастағы жұмысшы вагондар арасына қысылып, көз жұмды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып, тергеліп жатыр

Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнында 22 жастағы жұмысшы вагондар арасына қысылып, көз жұмды
Бейнеден кадр

Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнында пойыз құрастырушысы болып жұмыс істейтін 22 жастағы ер адам вагондар арасына қысылып қалған. Ол алған жарақатының салдарынан көз жұмды. Бұл туралы япавлодар облыстық еңбек басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға 4 сәуір күні болған. 2002 жылы туған азамат Ерназар Ерланұлы жұмыс барысында вагондар арасында қысылып қалған. Қайғылы жағдай туралы бізге жұмыс беруші хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып, тергеліп жатыр», - деді облыстық еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары еңбек қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың және еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.