Сеул мен Астана арасында қайтадан тікелей рейс ұшады

Azattyq Rýhy

Рейс биыл 15 маусымнан бастап аптасына екі рет ұшады 

Сеул мен Астана арасында қайтадан тікелей рейс ұшады
Фото: Әсет Құндақбаев

2024 жылдың 15 маусымынан бастап Астана-Сеул арасында тікелей рейс ұша бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларында, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана - Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды»,-деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Дереккөзіне сүйенсек, 166 орындық «Эйрбас-А321LR» үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) ұшады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.