Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды

Оны патрульдік полицейлер құтқарып қалды

Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды
Видео: Instagram / shymkent.online

Шымкентте екі баланың әкесі көпірден секірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ер адам Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпіріне шығып, секірмек болған. Сол кезде оны байқап қалған тұрғындар полицияға хабарласқан.

«Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқады. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды», - деп хабарлады Шымкент ПД.

Аталған оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

Тақырыпқа орай: Павлодарда колледж студенті суицид жасады

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.