Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асады

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды
Видео: polisia.kz

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды.

«Ер адамдардың өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында ер адамдардың өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды», – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты.

Арнайы тұраққа 47 автокөлік пен арнайы техника қойылды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.