Ол Салтанатқа құрсағымен ант ішкізген – Айтбек Амангелді

Темірхан Айжан

Оның айтуынша, Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітіне «алғашқы көмек» көрсеткен

Ол Салтанатқа құрсағымен ант ішкізген – Айтбек Амангелді
Фото: Жоғарғы сот

Айтбек Амангелді қарындасын Бишімбаевтың қалай қорлағанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Салтанат ол адаммен (Райымбекпен) еш байланысы болмағанын айтқан. Бірақ Бишімбаев ол еркекті  көре алмаған болу керек. Салтанатқа шешесімен, әкесімен, Алланың атымен, өмірге келмеген болашақ балаларымен, тіпті құрсағымен ант бергізеді», - деді Амангелді.

Айта кетсек, Бишімбаевтың Нүкенованы бизнесмен Райымбек Баталовпен көңіл қостың деп, қорлап түсірген видеосы сотта көрсетілген болатын.

Баталов әлеуметтік желіде мұның шындыққа жанаспайтынын айтып, терістеді. 

Ол Бишімбаев пен Байжанов жедел-жәрдем келгенше, Салтанаттың денесіне алғашқы көмек көрсеткендей күй танытып, оның мәйітін қорлағанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.