Абайды тереңнен оқу керек - прокурор Бишімбаевтың адвокатына жауап берді

Темірхан Айжан

Өткен жарыссөзде адвокат Лейла Рамазанова Абайдың қара сөзінен «әділетсіз сот» туралы үзінді оқыған

Абайды тереңнен оқу керек - прокурор Бишімбаевтың адвокатына жауап берді
Фото: видеодан кадр

Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың адвокатына Абайдың қара сөздерін түсініп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қорғаушы тарап Абайдың 3-қара сөзін негізгі контекстінен бөліп алып, оқып берді. Егер 3-ші қара сөзді толық оқысаңыз оның мағынасы мүлде бөлек. Абайды терең түсініп оқу керек», - деді ол.

Еске салсақ, өткен жарыссөзде адвокат Лейла Рамазанова Абайдың қара сөзінен «әділетсіз сот» туралы үзінді оқыған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.