«Түріктер сияқты қолын сүйіп, құрмет көрсеттім»: Сүлейменшілер жамағатында болған қазақ қызы жайлы

Әйелінің жүкті екенін естіген азамат қашып кеткен

Елордалық Айдана есімді бойжеткен бұрынғы күйеуімен былтыр Instagram желісі арқылы танысқанын айтты. Қазақ жігіті ол уақытта Түркия елінде білім алып жүрген. Алайда елге келген соң, екі жас бірден некеcін қидырған.

Несесін қидырып, шаңырақ көтергеннен кейін отағасы жарына жат жамағаттың насихатын жүргізіп, қатарына қосуды көздеген. Нақтырақ айтқанда, жігіт түп тамыры Түркия елінен шыққан «Сүлейменшілер» діни тобының өмір сүру салтын ұстанған. Осылайша ол өз әйеліне «рабтаны» қабылдауды бұйырған. Көпшілік бұрын-соңды естімеген бейтаныс ұғымды ҚМДБ өкілі сопылық  ілімінде қолданылатын әдістердің бірі деп түсіндірді.

Айдананың айтуынша, олар зікір жасап отырып, Сүлейменшілер жамағатының негізін салушы ұстаздарымен тілдеседі екен. Мұны теріс деп түсінген келіншек, бұл жамағатқа қосылуға қарсылық танытқан. Өзге елдің діні мен салтын ұстанған қазақ азаматы әйеліне тіпті түріктер сынды қолын сүйгізуді де үйреткен.

Көп ұзамай, Айдана аяғы ауыр екенін білгеннен кейін қуанышты хабарды жолдасына бірден жеткізген. Алайда, жат жамағаттың жетегінде жүрген жігіт көп ұзамай әйелін құрсақтағы баласымен тастап қашып кеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.