Мәжіліс депутаты болған Тарас Хитуов қайтыс болды

Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген

Мәжіліс депутаты болған Тарас Хитуов қайтыс болды
Тарас Хитуов, фото: parlam.kz

VI сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм-каналында жазды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды», - деп жазды ол.

Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер - механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған.

1988-1990 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері.

1990-1991 жж. - «Ақжол» ЖШС технологы, Ақтау қаласы.

1991-1993 жж. - «Маңғыстау» бизнес-орталығының менеджері, Маңғыстау қаласы.

2000-2001жж. - Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары, Павлодар қаласы.

2002-2003 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2003-2004 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2004-2008 жж. - Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.

2008-2010 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2010-2012 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның әлеуметтік саясат және персонал жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы.

2012-2012 жж. - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы.

2012-2015 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кадр және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ақтау қаласы.

2015-2016 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ аппаратының басшысы, Ақтау қаласы.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың желтоқсанына – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Соңғы қызметі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені. 

Отбасылы, үш баласы және немересі бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.