Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластырып салмау керек – ДДСҰ

Соңғы уақытта екі түрлі вакцинаны араластырып салдыру тиімді деген ақпараттар тараған еді

Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластырып салмау керек – ДДСҰ
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы белгілі бір вакцинаның ғана екі дозасын алуға кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ДДСҰ иммунизация бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен мәлімдеді.

«Бізде екі түрлі вакцина салу кезінде иммундық реакция сақталатыны немесе оның қауіпсіздігі туралы мәліметтер әзірге жоқ. Екі доза салу қажет кезде екеуінде де тек бір вакцинаны қолдануды ұсынамыз», - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар О'Брайен ұйымның AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасынан кейін Pfizer/BioNTech вакцинасының екінші дозасын салуды мақұлдайтындығын түсіндірді, өйткені мұнда аралас иммундаудың дәлелі бар.

Соңғы уақытта екі түрлі вакцинаны араластырып салдыру тиімді деген ақпараттар тараған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.