15.07.2021, 15:12
Жаңалықтар
Токио Олимпиадасына Қазақстан атынан 9 боксшы қатысады
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді
Фото: ашық дереккөзден
Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Олимпиадаға баратын боксшылар тізімі:
- Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
- Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
- Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
- Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
- Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
- Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
- Василий Левит (91 келіге дейін)
- Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
- Надежда Рябец (75 келіге дейін)
Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді.
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)