АҚШ-та вакцина салдырмаған азаматтар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Вакцинация өте баяу жүріп жатқан 4 штатта инфекция жұқтыру жағдайы 40%-ға жеткен

АҚШ-та вакцина салдырмаған азаматтар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді
фото ашық дереккөзден

АҚШ-та вакцина алмаған адамдардың арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші артты. Жаңа Дельта штамын жұқтырушылар санының көбеюі пандемиялық жағдайдың қиындауына алып келді. Бұл, әсіресе, вакциналанбаған адамдар арасында жиі кездеседі, деп хабарлайды Америка дауысы жаңалықтар қызметі.

Вакцинация өте баяу жүріп жатқан 4 штатта өткен аптада инфекция жұқтыру жағдайы 40%-ға жеткен. Ал вирустың таралуы барлық 50 штатта байқалады.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры, доктор Рошель Валенски жұма күні өткен аптада АҚШ-та күн сайын орта есеппен 26 000 жаңа коронавирус жағдайы тіркелгенін айтты.

Оның айтуынша, эпидемия «вакцина салдырмаған адамдар арасындағы пандемияға» айналды.

Президент Джо Байден «негізгі пандемия – вакцинацияланбаған адамдар арасындағы пандемия» екенін растады.

Джонс Хопкинс университетінің коронавирус бойынша орталығының сенбі күнгі мәліметі бойынша, әлемде COVID-19-дан 4 миллионнан аса адам қайтыс болған. 2020 жылдан бастап әлем бойынша коронавирусқа шалдығудың 189 миллионнан астам жаңа жағдайы тіркелген.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.