Ақтөбе облысында 32 мыңнан аса сайлаушы бар – Гүлнәр Күнбаева

Бүгін елімізде округтік әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Ақтөбе облысында 32 мыңнан аса сайлаушы бар – Гүлнәр Күнбаева
Sputnik Қазақстан

Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімдерін сайлауға 32 мыңнан аса сайлаушы қатысып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаева ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 07:15-тегі жағдай бойынша 34 ауылдық округте 74 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпараттар аумақтық сайлау комиссияларының интернет парақшаларында жергілікті уақыт бойынша әрбір екі сағат сайын және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 20:00-де ұсынылады», - деп атап өтті Гүлнар Күнбаева.

Оның айтуынша, облыс бойынша қазіргі уақытқа дейінгі сайлау бюллетенінің саны – 4601-ді (14,37%) құрап отыр.

«Қарғалы ауданы 245 бюллетень берілді, Маратон ауданы бойынша 815 сайлаушының 245 дауыс берсе,  Мұғалжар ауданында сайлау учаскесіне 110 адам келді. Ойыл ауданында 420 адам, Хромтау ауданы бойынша 798 адам, Шалқар ауданы бойынша 396 сайлаушы дауыс берді»,- деді төраға.

 Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша 775 елді мекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады. Сайлауға 4 саяси партия атсалысуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.