ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Қостанай облысы: 500-ден астам тұрғыны бар Свердловка ауылында халықтың 50%-ы дауыс беріп үлгерді

Қазақстанның 14 облысында 1847 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Қостанай облысы Алтынсарин ауданына қарасты Свердловка ауылында халықтың 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Тәртіп бұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы №189 сайлау учаскесінің бақылаушысы Қосылбай Жұрымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ауылымызда 552 тұрғын бар, оның 215-і келіп дауыс берді. Яғни, сағат 11.30-дағы есеп бойынша, 50 пайызға жуық тұрғын өз таңдауын жасады. Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр деуге болады. Әкім сайлауына екі үміткер бар, оның бірі «Nur Otan» партиясынан, екіншісі өзін ұсынған үміткер», - деді бақылаушы Қосылбай Жұрымбаев.

Еске салайық, 2297 үміткердің 1419-ы өзін-өзі ұсыну жолымен, 878-ы ҚР ӘМ тіркелген 6 саяси партиядан ауыл әкімі сайлауында бақ сынап жатыр.