ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді

Облыс бойынша 221 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 50%-дан астамы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысында сайлау 194 елдімекенде өтуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 12.00-де тұрғындардың 50%-дан астамы барлық 221 учаскеде дауыс берді. Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», - деді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Еске салайық, Қазақстанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде. Бұл лауазымдарға 730 сайлау округінде 2297 кандидат үміткер болып отыр.