2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Украинамен тең түсті

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде өз алаңында Украинадан жеңіліп қалды

2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Украинамен тең түсті

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Украинадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу голмен басталды. 2-минутта Роман Яремчук алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Үзіліске дейін украиналықтардың есепті ұлғайтатын мүмкіндігі болды, бірақ кей тұста Стас Покатилов, кей сәтте қақпа бағанасы құтқарып қалды. Қазақстан құрамасы да алыстан бірнеше рет Андрей Пятовтың қырағылығын тексеріп көрді. 

Ал екінші таймда қазақстандықтар белсендірек ойнады. 68-минутта Абат Айымбетов таразы басын теңестірген, алайда төреші голды есептеген жоқ - офсайд. 

Дегенмен алаң иелері жанкүйерлерін қуанта алды. 74-минутта Асхат Тағыбергеннің алаң ортасынан берген пасын әдемі қабылдаған Руслан Валиуллин есепті теңестірді - 1:1.

Өкінішке қарай, матч соңына қарай Данила Сикан украиналықтарды алға шығарды. Дегенмен, қазақстандықтар соңғы секундтарда тағы бір гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.