ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Елордада ашық аумақтарды дератизациялау басталды

Өңделетін ашық кеңістіктердің ауданы 3112 гектарды құрайды

Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «AG Disinfection services» ЖШС-мен бірлесіп ашық кеңістіктерді дератизациялау бойынша күзгі науқанды бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми баспасөз хабарламасы.

Ашық аумақтардағы дератизация 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады. Улы жем саябақтарда, өзендер аумағына, каналдарда, су қоймаларында және зираттар аумағына себіледі. Өңделетін ашық кеңістіктердің ауданы 3112 гектарды құрайды.

Бұдан әрі 7 қазаннан бастап жеке секторды өңдеу басталады – тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Дератизация 3 турда жүзеге асырылады. 25 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарлануда. Сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерлерге – жертөлелерге және жоғары жақтарға қою керек.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дәнді улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.