ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 77 адам қайтыс болды

Алматыда ең көп өлім тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

13 қыркүйекте Қазақстанда КВИ инфекциясы мен пневмониядан 77 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның 64-і коронавирустан, 13-і пневмониядан қайтқан.

15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (–67 269 + және 8 416 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.