Павлодар облысында коронавирустың кесірінен жүкті әйелдер бақылаусыз қалған

Жыл басынан бері өңірде ана өлімінің бір жағдайы тіркелді

Павлодар облысында коронавирустың кесірінен жүкті әйелдер бақылаусыз қалған
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында коронавирустың кесірінен жүкті әйелдер бақылаусыз қалған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Раvlodarnews.kz.

«8 айдың қорытындысы бойынша ана өлімінің бір жағдайы тіркелді, көрсеткіш 100 тірі туғандарға шаққанда 12,8-ге тең. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 38,3-ке тең. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 туғандарға шаққанда 7,4-ті құрады (36 жағдай), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға өскені байқалады. Оның ішінде перинаталдық кезеңде туындаған өлім-жітім себептері: жүктілікті көтермеу және мерзімінен бұрын босану жағдайлары бар. Бұл жүкті әйелдермен жұмыс сапасының төмендігін көрсетеді және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмыс сапасының  көрсеткіші болып табылады», - дейді Айдар Сейітқазинов.

Оның айтуынша,  2020-2021 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары барынша коронавируспен күреске жұмылдырылған. Осылайша жүкті әйелдер бақылаусыз қалған. 

«Қазіргі таңда жүктіліктің ерте сатысында есепке қою бойынша жұмыс күшейтілді. Ақпараттық технологиялар арқылы видео бақылау жүргізіледі.  Бұл жерде әйелдердің қандай жұқпалы аурулармен ауырғаны және жүктілікті жоспарлау маңызды», - деді Айдар Сейітқазинов. 

Облыс әкімі  Әбілқайыр Сқақов ешбір жағдайға қарамастан балалардың жағдайы бірінші кезекте болуы керек екенін айтып өтті.

«Бұл ретте жедел түрде қателермен жұмыс істеу керек. Әйелдер консультациясы дәрігерлерінің біліктілігі қаншалықты жоғары? Ана мен бала өлімі - еліміздегі және өңірдегі медицина саласының көрсеткіші. Сондықтан әрбір жағдайды жеке талдау  қажет. Жергілікті билік ана мен баланы қорғау  бойынша арнайы  оңалту бағдарламасын әзірлеп, медициналық  ұйымдардың жабдықтаулын, ерлер кабинетін ашуды қарастыру керек», - деді аймақ басшысы. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.