Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Бұл турнирге таеквондодан Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысқан

фото ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының мүшесі, таеквондошы Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметі.

Жақында Стамбул қаласында таеквондодан «WT President' s Cup Europe» халықаралық рейтинг турнирі өткен.

«Бұл турнирге таеквондодан Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты. Соның бірі – Жансель Дениз. Әйелдер арасындағы сайыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол қарсыластарының бәрін жеңіп, алтын медальға ие болды», деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

 


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.