Түркістанның 1 жылда миллионнан аса туристі қабылдауға мүмкіндігі бар

Келешекте бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу жоспарланған

фото ашық дереккөзден

Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты.

Бас жоспар бойынша қаланың даму сатылары белгіленген. Алғашқы жұмыс 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Екінші кезеңі – 2035 жылы, үшінші кезеңі - 2050 жылы соңына жетеді.

2025 жылға дейін қала тұрғындарының санын 250 мыңға дейін, 2035 жылға қарай 350 мың адамға дейін жетеді. 2050 жылы – 500 мың болады. 200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістанның даму мүмкіндігі көп. Қала аумағында өндірістік, коммуналдық және инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін нысандарды орналастыратын аймақтар белгіленіп, бекітілген. 

Бұл Түркістанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түседі. Туризм және өнеркәсіп – Түркістан дамуының негізгі екі бағыты. Қаланың бір жылда миллионнан астам туристі қабылдауға мүмкіндігі бар

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.