Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 35 адам қайтыс болды

187 адам аса ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 35 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Белгілі болғандай, қайтыс болғандардың 29-да коронавирус инфекциясы бары ПТР-тест арқылы расталған. Ал, қалған 6 науқаста тест теріс нәтиже бергенімен, COVID-19 белгілері болған.

11 қазанда елімізде 176 адамда коронавирустық инфекция анықталды.

Жалпы, КВИ+ және КВИ- жұқтырған науқастардың ішінде:

  • 693 науқастың жағдайы ауыр;
  • 187 науқас аса ауыр халде жатыр;
  • 118 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 12 қазанда Қазақстан бойынша 1707 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.