2025 жылы еліміздің 10 қаласы газдандырылып, баламалы энергия көздеріне ауыстырылады – Тоқаев

Президент сондай-ақ, 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына жететінін мәлімдеді

Фото: turkystan.kz

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек тұрғысынан бейтарап мемлекетке айналады. Сондай-ақ, жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі елдің жалпы энергия балансының 80 пайызынан астамға жетеді. 2050  жылға қарай барлық көмір электростанцияары экспуатацияға беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордада өткен «Париж келісімі және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» тақырыбында халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

2025 жылы еліміздің ластанған 10 қаласына газификация жүргізіліп, баламалы энергия көздеріне ауыстырылатын болады.

«Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуетке ие. Біздің жоспарларымызға сәйкес энергия балансының  жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай кемінде 15 пайызды құрауы тиіс. Бұл үшін ең тиімді жағдайларды жасап жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл ретте халықаралық серіктестермен бірлесіп атқаратын жобалардың нәтижелі болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар конференция барысында Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынылды.

«Бұл – өте маңызды жоба. Доктринаның мақсатына қол жеткізу жүйелі жұмысты қажет етеді. Отын-энергетика кешенін жаңғырту, индустриялық және агроөнеркәсіптік саясатты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, құрылысқа және тұтастай алғанда, адамдардың өмір салтына жаңа көзқарастарды қайта қарау сынды дүниелерді қамтиды», -деді Мемлекет басшысы.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 700 млрд доллар қаражат қажет. Бұл соманың жартысы электр энергиясы мен жылу өндіру секторларының жұмысын жаңғыртуға бағытталатын болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 12 желтоқсанда өткен Климаттық амбициялар саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына жететінін мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.