Қазақстанда сегіз айда сегіз мыңнан астам жол апаты тіркелді

2021 жылғы қаңтар-тамызда 577 478 жеңіл автомобиль тіркелген

Қазақстанда сегіз айда сегіз мыңнан астам жол апаты тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы қаңтар-тамызда 8 307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 205 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,2%-ға көбейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 577 478 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3842,7 мыңды құрады.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 24 млрд теңге сомасында 53 864 төлемін жүзеге асырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.