19.10.2021, 05:33
Жаңалықтар
Үндістанда 70 жастағы зейнеткер алғашқы сәбиін дүниеге әкелді
Ол Жер бетіндегі босанған әйелдердің ең кәрісі ретінде тіркелді
mirror.co.uk
Бұл туралы Mirror сайты хабарлады.
70 жастағы Дживунбен Рабари мен 75 жастағы Мальдхаридің шаңырақ көтергеніне 45 жыл болған. Олар ұзақ уақыт бойы балалы болуға тырысқандарымен, барлық әрекеттері сәтсіз аяқталған. Нәтижесінде Дживунбен жасанды ұрықтандыру көмегімен жүкті бола алды.
Ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінген доктор Нареш Бханушали журналистерге берген сұхбатында әуелде олардың бұл идеясын күмәнмен қабылдағанын айтты.
"Олар клиникаға алғаш келгенде, біз олардың жасына байланысты енді ата - ана бола алмайтындықтарын айттық, бірақ олар алған беттерінен қайтпады", - деді дәрігер.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады