20.10.2021, 09:16
Жаңалықтар
Қызылорда «сары» аймаққа қайта енді
«Қызыл» аймақта екі қала мен төрт өңір бар
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20 қазандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі жағдай:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Айта кетейік, кеше Қызылорда облысы «жасыл» аймақтың қатарында болатын. Өткен тәулікте өңірде 31 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, 24 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 07:27
9 қыркүйекте Қазақстанда күн +36 градусқа дейін ысып, жаңбыр мен найзағай күтіледі