26.10.2021, 16:47
Жаңалықтар
Қазақстанда параның орта мөлшері – 1,2 млн теңге
Жемқорлық фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркеледі
Фото: bugin.kz
Жыл басынан бері елімізде сыбайлас жемқорлықтың 1500 фактісі тіркелді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, 894 пара алу, 141 ұрлық және 120 лауазымдық міндетін теріс пайдалану жағдайы тіркелді. Ведомствоның хабарлауынша параның орташа мөлшері – 1,2 млн теңге.
Азаматтар мәселені көбінесе құқық қорғау органы мен әкімдік сондай-ақ, орталық органы мен аумақтық бөлімше қызметкерлеріне пара беру арқылы шешкенді жөн санайды.
Жемқорлық фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркеледі.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды