11.11.2021, 10:38
Жаңалықтар
Қырғыз миллиардері қызын күйеуге беру үшін жігіттерге кастинг жариялады
Штаб мәліметінше, кастингке көршілес елден қатысуға ниетті жігіттер де жетерлік
Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Әбдікерімов тұңғыш қызына күйеу таңдау үшін кастинг жариялады, деп жазды Kaktus media.
Кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді. Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес. Штаб мәліметінше, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар.

Кастингтің өтетін уақыты: Нарын облысы Ат-Башы ауылы, М. Жунусова, 7а көшесі.
Кастинг шығыны кандидат Ш.Әбдікерімовтің сайлау қорынан төленді.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды