18.11.2021, 01:30
Жаңалықтар
Жапонияда жүргізушісіз жүрдек пойыз сынақтан өтті
Сынақ сәтті аяқталды
Фото ашық дереккөзден
Жапондық East Japan Railway компаниясы ұшқышсыз жүрдек пойыздың алғашқы сынақтарын өткізді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
12 вагоннан тұратын Е7 сериялы пойыз 17 қараша күні таңертең 5 шақырымдық учаскеде іске қосылды. Кабинада күтпеген жағдайлар туындай қалса деген оймен машинист болған. Ол басқаруды автоматты режимге ауыстырғаннан кейін, пойыз адамның араласуынсыз сәтті жүрді. Сынақ барысында құрам сағатына 110 шақырым жылдамдыққа жақындады.
Пойыз аялдаманың есептік орнынан 8 сантиметр қашықтықта тоқтады. Алайда мамандар рұқсат етілген қателік 50 сантиметр екенін атап өтті.
Компания болашақта жұмыс күшінің жетіспеушілігі аясында жүргізушілерсіз жүрдек пойыздарды іске қосуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты