Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті

Azattyq Rýhy

Күдіктілердің екеуі қамауға алынды

Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Беттерін тұмшалап алған күдіктілер Шардара ауданындағы бекетке жеңіл көлікпен тоқтап, қаруланып, кассаға баса көктеп кірген.

Бірнеше минут ішінде олар сондағыларды қорқытып, 120 мың теңгені қолды қылған. Оңай ақшаға қарық болған үшеуі көлікте күткен сыбайласымен бірге бой тасалап үлгеріпті. Алайда Шардара мен Жетісай ауданының полицейлері олардың ізіне түсіп, нәтижесінде екеуін қолға түсірген.

«Бұл жайт бойынша 2 күдікті ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынды. Ал қалған екеуі іздестірілуде. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «қарақшылық шабуыл» деректері бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», - дейді ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.