Маңғыстаудағы азық-түлік бағасының қымбаттауына кім кінәлі?

Azattyq Rýhy

Өңір тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тым жоғары болғанына шағымданған

Маңғыстаудағы азық-түлік бағасының қымбаттауына кім кінәлі?
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстаудың монополияға қарсы департаменті өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысынан бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңір тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тым жоғары болғанына шағымданған.

Монополияға қарсы департаменттің хабарлауынша, Маңғыстау облысында жұмыртқа мен тауық етінің 70 пайызы импортталады. Бағаның қымбаттауына өнімнің өзге жерден келетіні ықпал етіп отыр.

«Бизнес субъектілеріне жүктемені төмендету үшін заңнамада субсидия төлеу көзделген. Субсидиялау көлемін бекіту, оларды одан әрі іске асыру және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Маңғыстау облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына бекітілген. Алайда, басқарма бұл бағытта жұмыс жүргізген жоқ. Уәкілетті органдардың жұмысына үстірт көзқарас азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне алып келеді», - деп мәлімдейді монополияға қарсы департамент.

Белгілі болғандай, кәсіпкерлердің шығындарын субсидиялау өндірілетін тауар бағасының өсуін болдырмауы тиіс.

Монополияға қарсы департамент ауыл шаруашылығы басқармасы бір ай мерзімде алдағы жылға арналған субсидиялардың тиісті көлемін бекітуге бағытталған шаралар қабылдауға міндетті деп мәлімдеді. Қойылған талаптар орындалмаған жағдайда кінәлі тұлғаларға ірі көлемде айыппұл салу арқылы тергеу жүргізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.