04.02.2022, 11:19
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі қала тұрғындарына митинг өткізуге рұқсат берді
Белсенділер қала әкімін жергілікті тұрғындар таңдауы керек деп санайды
Фото: Orda.kz
Алматы қаласының әкімдігі әкімдерді сайлау жөнінде митинг өткізуге келісім берді. Бұл мәліметті қаланың ішкі саясат басқармасы растады, деп хабарлайды orda.kz.
Белсенділер қала әкімін жергілікті тұрғындар таңдауы керек деп санайды. Митинг 5 ақпанда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші жанында өтеді. Әлеуметтік желілерде митингтің ұраны «Досаев, кет!» болатыны айтылып жатыр.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 3 қаңтарда әкімдік қала белсенділеріне 13 қаңтарда қаралы митинг өткізуден бас тартқан болатын.
Айта кетейік, 31 қаңтар күні Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі етіп Ерболат Досаевты тағайындаған болатын. Досаев бұл лауазымда бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевты алмастырды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді