ОСК Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ұсынымды Мәжіліске жолдады

Azattyq Rýhy

ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады

ОСК Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ұсынымды Мәжіліске жолдады
Фото ашық дереккөзден

2022 жылғы 25 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылданды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.