23.04.2022, 13:44
Жаңалықтар
Шардарада күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен
Ұрланған алтын 1 млн 700 мың теңге тұрады
фото: forpostsevastopol.ru
Түркістан облысы Шардара ауданында күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші алтын бұйымдары мен бриллианттары қолды болғанына байланысты полицияға арызданады.
Шардара АПБ қызметкерлері дереу арада жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті анықтаған.
«Ол жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Күдікті ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына жасырып, сатуға оңтайлы сәтті күткен. Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды