«Алматы жылу желілеріне» 17,5 миллион теңге айыппұл салынды

Azattyq Rýhy

Компания қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді

«Алматы жылу желілеріне» 17,5 миллион теңге айыппұл салынды
фото: baq.kz

«Алматы жылу желілері» ЖШС-ға 17,5 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айыппұл салуға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі негіз болды.

«Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі аралықта «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушылармен техникалық ережелерді сақтамай шарттар жасасып, жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетуде бұзушылықтар жасағаны анықталған. Сонымен қатар тексеру аясында Алматы қаласын жылумен және ыстық сумен жабдықтау қызметін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыларға көрсетілетін қызметке қол жеткізу үшін бірдей жағдай жасамағаны анықталды», делінген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.